«Топтың үздік оқырманы»

07.11.2024

2024 жылы 6 қараша күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында бірінші курс студенттерімен бірлесіп «Топтың үздік оқырманы» атты тақырыбында байқау өткізілді. Іс-шараның мақсаты: іс-шара оқулықтар мен оқу құралдарын белсенді оқитын студенттерді бөліп қана қоймай, сонымен қатар студенттер арасында білім мен ұсыныстар алмасу кеңістігін құруға бағытталған. Студенттер оқу үшін пайдалы деп санайтын оқулықтар бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. Әр студент оқылған оқулық туралы айтып, қай бөлімдер пайдалы болғанын және топтастарына қандай кітаптар ұсынатынын түсіндірді. Үздік оқырмандар белсенді қатысқаны және пайдалы ұсыныстары үшін марапатталды. Байқау студенттерге білім алмасуға, өз ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік беріп, оқу процесін жақсартуға және оқу әдебиетіне деген қызығушылықты тереңдетуге ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная